Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендеткен күні доллар теңгеге шаққанда айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды «24KZ».
Яғни, 5 маусымда базалық мөлшерлеме 17%-ға төмендетілді.
Осы күні доллар:
KASE биржасында 484,70 теңгеден түскі сағат 13:00 488,60 теңгеге дейін өсті.
Айырбастау пункттерінде де шамамен 490 теңгеге дейін сатылып жатыр.
Кеше, 4 маусымда Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ валютасы 484,70 теңгемен жабылған болатын. Енді бүгін доллардың шамамен 4 теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз.
Сәуір айының соңында доллар 459 теңге болған.
Яғни 1 айда шамамен 30 теңгеге қымбаттаған.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz