RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

 Цифрлық теңге Қазақстанда үшінші валюта нысаны ретінде бекітілді

15.06.2026, 16:51 50

Қазақстанда цифрлық теңгені енгізудің нормативтік-құқықтық базасы бекітіліп, оны әрі қарай дамыту жоспары әзірленді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Вице-министрдің айтуынша, цифрлық теңге ұлттық валютаның қолма-қол және қолма-қолсыз түрлерімен қатар жүретін үшінші нысан ретінде ресми бекітілген.

Бүгінде ел үшін маңызды жобалардың бірі – цифрлық теңге. Бұл туралы Мемлекет басшысы да айтқан болатын. Қажетті нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бекітілді. Ресми түрде цифрлық теңге Қазақстандағы ұлттық валютаның үшінші нысаны болып табылады, – деді Тұрысов Орталық  Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазіргі уақытта айналымға шамамен 339 миллиард цифрлық теңге енгізіліп, 20-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылған. Олардың ішінде мемлекеттік сатып алулар, инфрақұрылымдық жобалар, субсидиялау және салықтық әкімшілендіру бағыттары бар.

Сондай-ақ Ұлттық банк пен Үкімет цифрлық теңгені кезең-кезеңімен кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Жобаны масштабтау үшін 8 бюджеттік бағыт айқындалған.

Мамандардың пікірінше, цифрлық теңгені енгізу мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, оның мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz