Азия қор нарығында таңғы сауда-саттық барысында құлдырау байқалды. Бұған жартылай өткізгіш өндіруші компаниялар акцияларының жаппай арзандауы себеп.
Оңтүстік Кореяның Коспи индексі 5 пайызға жуық арзандаса, "Эс Кей Хайникс" - 8, "Самсунг Электроникс" акциялары 6 пайыз төмендеген. Жапонияның Никкей 225 индексі де 1 жарым пайыз әлсіреді. Сарапшылар пайымынша, бұл құбылысқа инвестицияның көбі жасанды интеллект бағытына ығысуы себеп. Ал Еуропа қор биржаларында айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #азия қор нарығы #саудаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz