Азия қор нарығы құлдырады

Азия қор нарығында таңғы сауда-саттық барысында құлдырау байқалды. Бұған жартылай өткізгіш өндіруші компаниялар акцияларының жаппай арзандауы себеп.

Оңтүстік Кореяның Коспи индексі 5 пайызға жуық арзандаса, "Эс Кей Хайникс" - 8, "Самсунг Электроникс" акциялары 6 пайыз төмендеген. Жапонияның Никкей 225 индексі де 1 жарым пайыз әлсіреді. Сарапшылар пайымынша, бұл құбылысқа  инвестицияның көбі жасанды интеллект бағытына ығысуы себеп. Ал Еуропа қор биржаларында айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ.