RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі базалық мөлшерлеме 16,25%-ға дейін төмендетілді

04.09.2026, 13:10 30

Бұған дейін ол 16,75%  болған еді. Ұлттық банк макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция деңгейін бағалай отырып осындай шешім шығарды. Соңғы мәлімет бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін баяулаған. Яғни тауарлар мен қызметтердің қымбаттау қарқыны бәсеңдеп келеді.

Азық-түлік бағасының өсуі 9,5 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,4 пайызға дейін баяулаған. Ал қызмет көрсету саласындағы инфляция 8,9 пайыз. Сондай-ақ тамыз айында айлық инфляция 0,6, ал базалық инфляция 0,7 пайыз деңгейінде сақталыпты. Базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешімді Ұлттық банк 23-қазанда жариялайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz