RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Қазақстаннан Оманға жаңа әуе рейстері ашылады

09.10.2026, 12:09 45

Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Оманның Салала қаласына тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды 24KZ ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Алматы – Салала бағыты бойынша алғашқы рейс 23 қазанда орындалады. Ұшақтар аптасына бір рет, жұма күндері қатынайды. Ал Астана – Салала бағыты бойынша рейстер 24 қазанда басталады. Бұл бағытта әуе кемелері сенбі сайын ұшады. Екі бағытта да Airbus A320 ұшақтары пайдаланылады.

Қазір Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz