RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Мұнай бағасы мен базалық мөлшерлеме теңге бағамына қалай әсер етеді

20.10.2026, 15:20 41

Мұнай бағасының өсуі Қазақстанға түсетін валюталық кірісті арттырса, жоғары базалық мөлшерлеме теңгеге деген сұранысты күшейтеді. Бұл факторлар ұлттық валютаның нығаюына ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы 24KZ телеарнасындағы «Қаржы нарығы» бағдарламасында айтылды.

Біздің биржамызға, кәсіпорындарымызға, компанияларымызға доллар көбірек түсіп жатыр. Оларды біз, әсіресе мемлекеттік, квазимемлекеттік кәсіпорындарды 50 пайызын долларды сатуға мәжбүрлеп қойғанбыз, сондай валюталық заңнамамыз бар. Сөйтіп біздің биржаға доллар көбірек түседі, – дейді сарапшы Сапарбай Жобаев.

Маманның айтуынша, теңгенің нығаюына Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі де әсер етеді. Мөлшерлеме жоғары болған кезде азаматтар мен кәсіпорындар қаражатын жұмсағаннан гөрі банк депозиттеріне салуға бейім болады. Бұл теңгеге деген сұранысты арттыруы мүмкін.

19 қазандағы сауда қорытындысы бойынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 108 доллар шамасында сатылды. Ал Қазақстанның 2026 жылғы бюджетінде мұнайдың орташа бағасы барреліне 70 доллар деңгейінде болжанған.

Дегенмен мұнай бағасының жоғары болуы экономиканың ұзақ мерзімді өсіміне кепілдік бермейді. Ұлттық экономика министрі Серік Жұмағалиевтің мәліметінше, әлемдік нарықта мұнай баррелінің бағасы 50 долларға дейін төмендесе, 2027–2029 жылдары Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсімі 3,2%-ға дейін баяулауы мүмкін.

Сондықтан мұнайдан түсетін кіріс пен теңге бағамынан бөлек, инфляцияны тежеу және экономиканы әртараптандыру да маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz