RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда медициналық қызметкерлер ұзақ уақыт бойы жалақысын ала алмай келген

24.01.2024, 13:30 857

Қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталығы ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды.

Осы негізде, облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айда жиналған 7 млн теңгеге 33 жұмысшыға жалақы бойынша берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады.

Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz