RU
Толық нұсқаға өту

Құлсарылық оқушылар жаға бекіту жұмыстарына қосылды

07.04.2024, 10:10 331

Құлсары қаласының тұрғындары да су басудың алдын алуға атсалысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

4А ықшамауданында жүріп жатқан жаға бекіту жұмыстарына 100-ге жуық азамат жұмылдырылған. Асарласуға оқушылар да қосылыпты. 12 жасар Бексұлтан мен Дархан таңертеңнен бері үлкендермен бірге күрек ұстап, жаға басында жүр.

Бексұлтан, оқушы:

- Қапшықтарға күрекпен салып, үлкендерге көмектестік. Себебі Қамыскөлге құю керек. Басқа жаққа асып кетпеу керек.

Дархан, оқушы:

- 4А микрорайонына су кіріп кетпесін деп осының бәрін істеп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz