RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда ауызсу беріле бастады

13.04.2024, 20:40 412

Петропавлда халықты ауызсумен қамтамасыз етудің баламалы көзі іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ.

Жүйедегі қысым біртіндеп көтеріліп келеді. Қажетті деңгейге жеткен кезде су барлық үйге беріледі, – деп хабарлады жергілікті әкімдік. Тұрғындарды тіршілік нәрімен уақытша қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру станциялары мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы тасқын салдарынан жергілікті сорғы станциясында электр қуаты сөніп, электрмен қамтамасыз етуші 5 темірбетонды баған бүлінген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz