Бүгін құтқару қызметіне Сарысу ауданының Жаңатас қаласының тұрғындарынан қоңырау келіп түсті. Құтқарушылар жекеменшік үйдің ауласында ашық құдыққа құлаған сиырды құтқармақ болды.
Жануарды құтқаруға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу шығып, сиырды тез арада құдықтан шығарды. Үйлесімді күш-жігердің арқасында өрт сөндірушілер сиырды аман-есен шығарып, иесіне табыстады.
Тегтер«Құдықтардың люктерінде қақпақтардың болмауы адамдарға да қауіп төндіреді. Әсіресе ойын кезінде байқамай қалып, ауыр жарақат алатын балалар үшін», – деп атап өтті құтқарушылар.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz