Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
17 қаңтардағы жедел мәліметтерге сәйкес құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады. Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды. Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы. Жағдай ерекше бақылауға алынған.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz