RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Бейжің декларациясының 30 жылдығына орай жиын өтті

06.02.2025, 21:54 586

Қазақстанда әйелдердің құқығы мен теңдігі барынша қорғалып отыр.

Бұл туралы Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында айтылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ең алдымен әйелдердің теңдігін қамтамасыз етіп отырған Ата заңды атап айтты. Сондай-ақ еліміздегі Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның жұмысы да Бейжің+30 декларациясының бір көрсеткіші. Былтыр ғана қабылданған Әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз  ететін заң бар. Басқосуда әйелдерді қорғау отбасынан, күнделікті сый-құрметтен басталатыны да сөз болды.

Камила Тұяқбаева, БҰҰ Қазақстандағы жастар кеңесінің төрағасы:

- Жыл сайын 400-дей әйел қаза табады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан деген статистика бар. Біз тіпті оған да ешқандай мән бермей, норма ретінде көріп үйреніп қалғанбыз. Сондықтан зорлықпен күресу, әйелдер теңдігі үшін күресу, бұл өте кішкентай нәрселерден басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz