ХАМАС «Қызыл крест» халықаралық комитетіне 4 израильдік тұтқынның мәйітін табыстады.
"Таймс оф Израиль" ((The Times of Israel)) басылымының хабарлауынша, құрбандардың ең үлкенінің жасы 85-те. Мәйіттерді қайтару процесі Хан-Юнис қаласында іске асты. Израиль билігі енді олардың жеке басын анықтайды. Сондай-ақ Рамалла қаласына палестиналық тұтқындар мінген автобус келді. Оларды туыстары ерекше қуанышпен қарсы алған. 19 қаңтарда Газа секторында оқ атуды тоқтату режимі басталды. Осы уақытқа дейін 25 израильдік тұтқын мен 5 Таиланд жұмысшысы және мыңнан астам палестиналық босатылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz