RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан туристер көп келетін елдер қатарында 52-орынға көтерілді

03.03.2025, 11:05 470

Қазақстан туристер көп келетін елдер қатарында 52-орынға көтерілді. Бұған дейін Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексі бойынша 119 елдің ішінде  66-орында болған едік.

Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар былтыр Neo Nomad деп аталатын жаңа виза  түрі енгізілді.

Бұл виза заманауи көшпенділерге саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Сонымен қатар еліміздің туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып отыр.  Мәселен The New York Times нұсқасы бойынша Алматы қаласы үздік  52 туристік бағыттың  қатарына енсе, Lonely Planet журналының нұсқасымен Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді. Бұдан бөлек, Conde Nast Traveller Italia басылымы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын таңдаулы  ТОП-5 дестинация тізіміне қосты. CNN Travel биыл саяхаттауға тұрарлық  25 бағыттың  тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz