Қазақстан туристер көп келетін елдер қатарында 52-орынға көтерілді
Қазақстан туристер көп келетін елдер қатарында 52-орынға көтерілді. Бұған дейін Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексі бойынша 119 елдің ішінде 66-орында болған едік.
Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар былтыр Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді.
Бұл виза заманауи көшпенділерге саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Сонымен қатар еліміздің туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып отыр. Мәселен The New York Times нұсқасы бойынша Алматы қаласы үздік 52 туристік бағыттың қатарына енсе, Lonely Planet журналының нұсқасымен Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді. Бұдан бөлек, Conde Nast Traveller Italia басылымы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын таңдаулы ТОП-5 дестинация тізіміне қосты. CNN Travel биыл саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды.