Жеңістің 80 жылдығы аясында әскери парад өтеді. Қазір жауынгерлер қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды 24kz.
Даярлық жұмыстарының жай-жапсарын білуге Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары далалық лагерьге арнайы барды. Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев депутаттарға шеруге дайындық барысын баяндап, әскери қызметшілер мен курсанттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын таныстырды.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әскерилер келіп жатыр, әскери бөлімдер кезек-кезек қоныстанып жатыр. Техниканы теріп, қайтадан жинап, бүкіл жаттығуын енді ғана өткізіп жатыр. Енді индустриалды зона бар, басқа бар, Ең бастысы – сарбаздардың көңілі тоқ, қарындары тоқ, дайындығы, басқасы жақсы сияқты. Аз-маз сөйлескендей де болдық.
Тегтер #Жеңістің 80 жылдығы #әскери парад #жауынгерлер #дайындықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz