Депутаттар әскери парадтың дайындығымен танысты

Жеңістің 80 жылдығы аясында әскери парад өтеді. Қазір жауынгерлер қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды 24kz.

Даярлық жұмыстарының жай-жапсарын білуге Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары далалық лагерьге арнайы барды. Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев депутаттарға шеруге дайындық барысын баяндап, әскери қызметшілер мен курсанттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын таныстырды.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әскерилер келіп жатыр, әскери бөлімдер кезек-кезек қоныстанып жатыр. Техниканы теріп, қайтадан жинап, бүкіл жаттығуын енді ғана өткізіп жатыр. Енді индустриалды зона бар, басқа бар, Ең бастысы сарбаздардың көңілі тоқ, қарындары тоқ, дайындығы, басқасы жақсы сияқты. Аз-маз сөйлескендей де болдық.