«Жыл басынан бері терроизмді насихаттағаны үшін 34 адам сотталды. Олардың екеуі шетелдік. Барлығы радикалды идеяларды дәріптеп, діни алауыздықты қоздырған. Лаңкестік және экстермистік ұйымдар құрып немесе қызметіне ат салысқаны анықталды», – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Сотталғандардың бірі – Ақтөбе облысының тұрғыны. Ол шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуға үгіттеп, теріс ағымдағы топтарға қосылуды көздеген. Тінту кезінде одан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арсеналы, екі автомат, сегіз тапанша мен мылтық және түтін бомбасы тәркіленді. Осындай жағдай Алматы облысында да тіркелген. Қаскелең тұрғыны радикалды идеяларды таратып қана қоймай, террористік ошақ құруға ұмтылған. Сондай-ақ қазір тағы 23 қатысушыға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Тегтер #терроризм #экстремизм #Ұлттық қауіпсіздік комитеті #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz