ЮНЕСКО тізіміне енгенмен, елдегі бірқатар тарихи маңызы бар ескерткіштер елеп-ескерусіз қалып отыр.
Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Оның сөзінше, өңірлерде орналасқан мәдени мұра ескерткіштерін таңбалау жүйесін енгізу қажет.
«Бүгінде Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген 10 тарихи және мәдени ескерткіші бар. Халықаралық маңызға ие құндылықтардың барлығы облыстардың аумағында орналасқан. Ал оларды қорғап-сақтау жергілікті әкімдіктердің жауапкершілігіне жүктелуі тиіс», – дейді министр.
Қазір кешендердің көбінде таңбалау және арнайы күзет пен буферлік аймақтар жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ЮНЕСКО #мәдениет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz