ЮНЕСКО тізіміне енген жәдігерлерге тиісті көңіл бөлінбей отыр

ЮНЕСКО тізіміне енгенмен, елдегі бірқатар тарихи маңызы бар ескерткіштер елеп-ескерусіз қалып отыр.

Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Оның сөзінше, өңірлерде орналасқан мәдени мұра ескерткіштерін таңбалау жүйесін енгізу қажет.

«Бүгінде Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген 10 тарихи және мәдени ескерткіші бар. Халықаралық маңызға ие құндылықтардың барлығы облыстардың аумағында орналасқан. Ал оларды қорғап-сақтау жергілікті әкімдіктердің жауапкершілігіне жүктелуі тиіс», – дейді министр.

Қазір кешендердің көбінде таңбалау және арнайы күзет пен буферлік аймақтар жоқ.