Шығыс Қазақстан облысында 8 елді мекенде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Ол аумақтарды мамандар тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тасқынға тосқын шараларын тексерді.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 132 су шаруашылығы нысаны штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Вице-премьер Өскемен қаласындағы жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Мұнда су тасқыны жағдайы цифрлық карта арқылы бақыланады. Қанат Бозымбаев тиісті органдарға су тасқынының үшінші толқынына дайындықты күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Тегтер #ШҚО #елді мекендер #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz