Отан қорғаушылар күнінде Астанада өтетін шеруге 4 мыңнан астам жауынгер қатысып, 200-ден астам жауынгерлік техника мен қару-жарақ түрлері және 60-тан астам әуе кемесінің әлеуеті көрсетіледі, деп хабарлайды 24kz.
Шеруге Қарулы күштердің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылдырылған. Мерекенің тікелей көрсетілімін сағат 11.00-ден бастап елорданың бірнеше негізгі алаңдарынан көруге болады.
Айта кетсек, әскери парадты өткізуге байланысты қаланың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі. Шеру Тәуелсіздік көшесінің бойында, Қазақ елі монументі жанында өтеді.
Тегтер #Астана #Отан қорғаушы күні #әскери шеру #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz