RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Жеңістің 80 жылдығына орай үш бірдей кітаптың тұсауы кесілді

06.05.2025, 22:30 713

Жеңістің 80 жылдығына орай, Ұлттық кітапханада үш бірдей кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды 24kz.

«Қару мен қалам», «Жеңіс жауынгерлері» және «Өтті жылдар – отты жырлар» деп аталатын еңбектерде сұм соғыс жайлы боямасыз әңгімелер, майдангерлердің естеліктері мен жыр жолдары топтастырылған. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай, ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері Көпболсын Бекмағанбет және тарихшы Жұмабай Доспанов жазып шыққан еңбектердің қай-қайсы да келешек ұрпақ үшін құнды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрген кітаптардың таныстырылымына белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және жастар жиылды.

Өмірзақ Озғанбай, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Бұл адамзат тарихындағы ең бір жойқын соғыс болды. Адамдардың саны, қатысқан елдерің саны. Шығын. Бірақ адам қандай жағдайда жүрсе де, әзіл айтуды, бір-біріне күлкі әңгіме айтуын, солай бір-біріне күш, алға ұмтылыс жасауға сол жадынан шықпайды екен. Мынау тұсауы кесіліп жатқан кітапта ел айтқыштартарының әзіл-әңгімелері.

Баянғали Әлімжанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын:

- Ұлы Жеңіс мерекесі бұл –  бүкіл халықтық, керек десеңіз, әлемдік мереке. Кешегі Ұлы Отан соғысы біздің қазақ халқы үшін үлкен традегия. Сол Жеңістің 80 жылдығына арнап, осындай 3 кітап жарыққа шығып отыр. Бұл үлкен оқиға, үлкен рухани іс деп білемін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz