Елордада Жеңістің 80 жылдығына орай үш бірдей кітаптың тұсауы кесілді
Жеңістің 80 жылдығына орай, Ұлттық кітапханада үш бірдей кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды 24kz.
«Қару мен қалам», «Жеңіс жауынгерлері» және «Өтті жылдар – отты жырлар» деп аталатын еңбектерде сұм соғыс жайлы боямасыз әңгімелер, майдангерлердің естеліктері мен жыр жолдары топтастырылған. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай, ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері Көпболсын Бекмағанбет және тарихшы Жұмабай Доспанов жазып шыққан еңбектердің қай-қайсы да келешек ұрпақ үшін құнды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрген кітаптардың таныстырылымына белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және жастар жиылды.
Өмірзақ Озғанбай, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері:
- Бұл адамзат тарихындағы ең бір жойқын соғыс болды. Адамдардың саны, қатысқан елдерің саны. Шығын. Бірақ адам қандай жағдайда жүрсе де, әзіл айтуды, бір-біріне күлкі әңгіме айтуын, солай бір-біріне күш, алға ұмтылыс жасауға сол жадынан шықпайды екен. Мынау тұсауы кесіліп жатқан кітапта ел айтқыштартарының әзіл-әңгімелері.
Баянғали Әлімжанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын:
- Ұлы Жеңіс мерекесі бұл – бүкіл халықтық, керек десеңіз, әлемдік мереке. Кешегі Ұлы Отан соғысы біздің қазақ халқы үшін үлкен традегия. Сол Жеңістің 80 жылдығына арнап, осындай 3 кітап жарыққа шығып отыр. Бұл үлкен оқиға, үлкен рухани іс деп білемін.