Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
«Кең байтақ жеріміздің қауіпсіздігі мен егемен еліміздің тыныштығын күзеткен ерлеріміз қашанда осы жауапкершіліктің үдесінен шығып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біздің бүгінгі әскеріміз – батыр бабаларымыздың лайықты ізбасары. Қуатты армиямыз – тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны және мызғымас мемлекеттіліктің мығым тірегі. Алдағы уақытта да қорғанысымыз күшейіп, әскеріміздің айбыны асқақтай берсін!», – деп жазды Сенат Спикері өзінің Facebook парақшасында.
Тегтер #Мәулен Әшімбаев #Жеңіс күні #7 мамыр #Отан қорғаушы күні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz