Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді. Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.
Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бүгінде есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Тегтер #ҰҚК #синтетикалық есірткі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz