Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай грант операторының қолдауымен шағын гранттар байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын жариялайды. Байқау жеңімпаздары жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржылық және ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау алады.
Жобаларды 3 айға дейін мерзімде жүзеге асыру қажет. Шағын гранттар келесі басым бағыттар бойынша ұсынылады:
Өтінімдер 2025 жылғы 16 шілдеден 4 тамызға дейін қабылданады. Грантқа тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ); волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар; волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар қатыса алады. Толық ақпаратты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтынан көруге болады: www.cisc.kz («Гранттар» бөлімі → «Шағын гранттар»), мұнда байқаулар мен ұйымдастырушылар туралы барлық ақпарат орналастырылған. Байқауды гранттық жобаларды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастыруда.
Тегтер #байқауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz