Атырауда есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды.
Жедел іздестіру кезінде полицейлер есірткі өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары салмағы 5 келі тартатын 21 түп қарасора тәркіледі. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АтырауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz