Шығыс Қазақстанда жер сілкінді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер сілкінісі шамамен 4 балл болған. Облыстың 13 ауданында дүмпу сезілген. Астана уақытымен 15:37-де басталған тербеліс 20 секундқа созылған. Зілзала ошағы облыс орталығынан 84 шақырым жерде болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, облыс тұрғындары үшін жедел желі іске қосылды.
Тегтер #Таңдаулы #жедел желі #ШҚО #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz