Еліміздің шығысында жер сілкінісінен кейін жедел телефон желісі іске қосылды
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер сілкінісі шамамен 4 балл болған. Облыстың 13 ауданында дүмпу сезілген. Астана уақытымен 15:37-де басталған тербеліс 20 секундқа созылған. Зілзала ошағы облыс орталығынан 84 шақырым жерде болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, облыс тұрғындары үшін жедел желі іске қосылды.