Каспий теңізін зерттеуге Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінді.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл қаражат Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын одан әрі дамытуға бағытталады. Мекеме су айдынының экологиялық проблемаларын кешенді зерттеумен айналысады. Атап айтқанда, Институт теңіз деңгейін бақылап, балық қорын бағалайды, оларды сақтау әдістерін әзірлейді. Сондай-ақ оның міндеттеріне итбалықтардың жаппай қырылу себептерін анықтау және олардың популяциясын сақтау мәселелері кіреді. Мамандар спутниктік мониторинг зертханаларында ғылыми-зерттеулер жүргізіп, су айдынын кешенді бақылаумен айналысады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Каспий теңізі #бюджет #зерттеу #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz