Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен белгіленген «Жас кеңес сыйлығы» тәуелсіз жастар сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты.
Бұл жобаның мақсаты – әлеуметтік маңызы бар салаларда еңбек ететін кіші және орта қызметтегі жас мамандарды ынталандыру. Биыл іс-шараға Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның Еңбек Ері, нейрохирург-дәрігер Серік Ақшолақов сияқты елге еңбегі сіңген азаматтар, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысты. Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде еліміздің жастары үшін осындай тұлғалар әрдайым үлгі-өнеге екенін, құрмет пен табысқа күн сайынғы қажырлы еңбектің арқасында ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті. Сондай-ақ шараның Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өтіп жатқанына тоқталды. Айтайық, атаулы сыйлық екінші жыл қатарынан табысталып отыр және оның беделі артып келеді. Мәселен, биыл өтінім саны 1000-нан асты. Номинациялар қатары 7-ден 10-ға дейін көбейді.
Тегтер #жас мамандар #жас кеңес сыйлығы #қарин #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz