Жас мамандарға арналған «Жас кеңес сыйлығын» тапсыру рәсімі өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен белгіленген «Жас кеңес сыйлығы» тәуелсіз жастар сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты.

Бұл жобаның мақсаты – әлеуметтік маңызы бар салаларда еңбек ететін кіші және орта қызметтегі жас мамандарды ынталандыру. Биыл іс-шараға Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның Еңбек Ері, нейрохирург-дәрігер Серік Ақшолақов сияқты елге еңбегі сіңген азаматтар, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысты. Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде еліміздің жастары үшін осындай тұлғалар әрдайым үлгі-өнеге екенін, құрмет пен табысқа күн сайынғы қажырлы еңбектің арқасында ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.  Сондай-ақ шараның Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өтіп жатқанына тоқталды. Айтайық, атаулы сыйлық екінші жыл қатарынан табысталып отыр және оның беделі артып келеді. Мәселен, биыл өтінім саны 1000-нан асты. Номинациялар қатары 7-ден 10-ға дейін көбейді.