RU
Толық нұсқаға өту

Елордада «Мың бала» жеңімпаздары марапатталды

12.11.2025, 16:10 350

Елордада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды.

Байқауға 11 мыңнан астам оқушы қатысты. Шара барысында түрлі этнос өкілдері қазақ тілін үйреніп қана қоймай, ұлттық рухани-құндылықтармен танысады. Биыл жоба Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы,  Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілуді.

Наргиз Әбділмұратқызы, ҚХА мүшесі:

- Бұл жерде республикамыздың түкпір-түкпіріндегі домбырашы, қобызда ойнайтын, түрлі аспаптарда ойнайтындар сонымен қатар қазақ тіліндегі әндерді нақышына келтіріп орындайтын дарындар. Бұл фестивальда әр түрлі этнос өкілдері ат салысып жатыр. «Мың бала»  мәдени-ағартушылық республикалық жобамыз 2015 жылдан бастап іске қосылды. Сонымен қатар 10 жылдың аясында 130 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

Никита Скоба, байқау жеңімпазы:

-  Мен СҚО, Шал ақын ауданы, Новопокров ауылынан келдім. 10 жыл бұрын домбыра тартуға деген қызығушылығым пайда болды. Сол уақыттан бері осы аспапта ойнап келемін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz