Елордада «Мың бала» жеңімпаздары марапатталды
Елордада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды.
Байқауға 11 мыңнан астам оқушы қатысты. Шара барысында түрлі этнос өкілдері қазақ тілін үйреніп қана қоймай, ұлттық рухани-құндылықтармен танысады. Биыл жоба Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілуді.
Наргиз Әбділмұратқызы, ҚХА мүшесі:
- Бұл жерде республикамыздың түкпір-түкпіріндегі домбырашы, қобызда ойнайтын, түрлі аспаптарда ойнайтындар сонымен қатар қазақ тіліндегі әндерді нақышына келтіріп орындайтын дарындар. Бұл фестивальда әр түрлі этнос өкілдері ат салысып жатыр. «Мың бала» мәдени-ағартушылық республикалық жобамыз 2015 жылдан бастап іске қосылды. Сонымен қатар 10 жылдың аясында 130 мыңға жуық іс-шара өткізілді.
Никита Скоба, байқау жеңімпазы:
- Мен СҚО, Шал ақын ауданы, Новопокров ауылынан келдім. 10 жыл бұрын домбыра тартуға деген қызығушылығым пайда болды. Сол уақыттан бері осы аспапта ойнап келемін.