Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданында Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонның өртін сөндірді, деп хабарлайды «24KZ» ТЖМ баспасөзіне сілтеме жасап.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда. ТЖМ құтқарушылары отпен күресуде», - деп жазды ТЖМ баспасөзі.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жұмыс істемейтін 3 қабатты ғимаратта дәмхана мен ғимараттың сыртқы қаптамасының жануы орын алды. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк автомобилі зардап шекті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #өрт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz