Елордада жеке тұрғын үйден өрт шықты

ТЖМ баспасөзі

Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданында Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонның өртін сөндірді, деп хабарлайды «24KZ» ТЖМ баспасөзіне сілтеме жасап.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда. ТЖМ құтқарушылары отпен күресуде», - деп жазды ТЖМ баспасөзі.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жұмыс істемейтін 3 қабатты ғимаратта дәмхана мен ғимараттың сыртқы қаптамасының жануы орын алды. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк автомобилі зардап шекті.