RU
Толық нұсқаға өту

Прокурорлар борышкерлерден 5 млрд теңге өндірді

13.12.2025, 13:50 316

Биыл Астана прокуратурасы мемлекет пайдасына 5 млрд теңге өндірді. Алимент қарыздары бойынша шамамен 3 млрд теңге көлеміндегі өтемақы 5,5 мың балаға аударылды.

Сот актілерін орындамағаны үшін 200-ден астам борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір елордада «Борышкер» шұғыл алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Науқан азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және өтелмеген қарыздарды анықтауға бағытталған. Прокурорлық бақылау жұмыстарының нәтижесінде мыңдаған жұмысшының құқы қорғалып, олардың пайдасына 1 млрд астам теңге өндірілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz