Прокурорлар борышкерлерден 5 млрд теңге өндірді
Биыл Астана прокуратурасы мемлекет пайдасына 5 млрд теңге өндірді. Алимент қарыздары бойынша шамамен 3 млрд теңге көлеміндегі өтемақы 5,5 мың балаға аударылды.
Сот актілерін орындамағаны үшін 200-ден астам борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір елордада «Борышкер» шұғыл алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Науқан азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және өтелмеген қарыздарды анықтауға бағытталған. Прокурорлық бақылау жұмыстарының нәтижесінде мыңдаған жұмысшының құқы қорғалып, олардың пайдасына 1 млрд астам теңге өндірілді.