Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 254 сәби дүниеге келді.
Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз бар. Түркістан облысы көш бастады. Онда 29 нәресте дүние есігін ашты. Шымкентте – 24, елордада – 22 бала және Алматыда 21 нәресте туды. Былтырғы жылы аналарды прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артқан. Осылайша денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде болашақ аналарды толық қамтып отыр. Бүгінде жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұратындар қатары 25%-ға өскен.
Тегтер #жаңа жыл #сәби #24KZ #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz