Жаңа жыл қарсаңында 254 сәби дүниеге келді
Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 254 сәби дүниеге келді.
Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз бар. Түркістан облысы көш бастады. Онда 29 нәресте дүние есігін ашты. Шымкентте – 24, елордада – 22 бала және Алматыда 21 нәресте туды. Былтырғы жылы аналарды прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артқан. Осылайша денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде болашақ аналарды толық қамтып отыр. Бүгінде жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұратындар қатары 25%-ға өскен.