Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының республикалық маңыздағы екі бірдей тасжолы жабылды.
Қазавтожолдың хабарлауынша, ақтүтек боран салдарынан Астанадан «Қорғалжын» қорығына дейін апарар жолдағы қозғалысқа шектеу қойылған. Сондай-ақ Астана-Шідерті-Павлодар-Успенка және Ресей шекарасына дейінгі аралықта автожол жабылды. Бұрқасын салдарынан Павлодар облысында да қозғалыс шектелген. Атап айтқанда, Атамекен-Иртышск пен Ресей шекарасында дейінгі аралықта жол жабық.
Тегтер #Ақмола #Павлодар #жабық жолдар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz