RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді

27.01.2026, 13:16 352

Елімізде алдағы 4 жылға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жасөспірімдерге қатысты барлық саясатты біріктіретін алғашқы бірыңғай стратегиялық құжат болмақ. Тұжырымдаманы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрлігі таныстырды. 

Шерхан Абзалұлы, тілші:

- Балалардың құқығы мен мүддесін қорғап, сапалы білім алуына жайлы жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Өйткені бүгінгі жеткіншек ертең ел тізгінін ұстайтын азаматқа айналуы мүмкін. Бүгін Үкімет үйінде танысыстырылған құжаттың маңыздылығы да осында. Ресми есеп бойынша еліміздегі бала саны 7 млн-ға жуықтайды. Бұл халқымыздың 3/1-і деген сөз. Таныстырылған тұжырымдамаға тоқталсам, ол төрт бағыттан тұрады. Онда жасөпрімдердің қаупсіздігі, денсаулығы, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары қамтылған. Іске асыру үшін жоспарға 158 іс-шара алыныпты. Қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңге.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Жаңа Тұжырымдамадағы арқылы енгізілетін өзгерістер мынадай. Енді мектептерде педагог-психолог сағаты енгізіледі. Буллингке ұшыраған оқушылар үшін 40 көмек кабинеті ашылады. Ерекше балаларға бұрынғыдан да көбірек назар аударылады. Инклюзивті білім беру саласына одан әрі жаңғырады. Сондай-ақ ата-аналар мен асырап алушылардың жауапкершілігі күшейеді.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Соңғы жылдары балалардың оқу ошақтарында тамақтан жиі ұшынып жатқаны жасырын емес. Осы жағдайдың салдарымен емес, себебімен күресу үшін 1-ші ақпаннан бастап мамандар мектептерге еш ескертпестен тексеріс жүргізетін болады. Сөз соңында баяндаманы тыңдаған Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен тұжырымдамадағы барлық іс-шаралардың  сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Авторлары: Шерхан Абзалұлы, Асхат Қарақойшиев, Нұрбол Ильясов

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz