Елімізде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді
Елімізде алдағы 4 жылға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жасөспірімдерге қатысты барлық саясатты біріктіретін алғашқы бірыңғай стратегиялық құжат болмақ. Тұжырымдаманы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрлігі таныстырды.
Шерхан Абзалұлы, тілші:
- Балалардың құқығы мен мүддесін қорғап, сапалы білім алуына жайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Өйткені бүгінгі жеткіншек ертең ел тізгінін ұстайтын азаматқа айналуы мүмкін. Бүгін Үкімет үйінде танысыстырылған құжаттың маңыздылығы да осында. Ресми есеп бойынша еліміздегі бала саны 7 млн-ға жуықтайды. Бұл халқымыздың 3/1-і деген сөз. Таныстырылған тұжырымдамаға тоқталсам, ол төрт бағыттан тұрады. Онда жасөпрімдердің қаупсіздігі, денсаулығы, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары қамтылған. Іске асыру үшін жоспарға 158 іс-шара алыныпты. Қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңге.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Жаңа Тұжырымдамадағы арқылы енгізілетін өзгерістер мынадай. Енді мектептерде педагог-психолог сағаты енгізіледі. Буллингке ұшыраған оқушылар үшін 40 көмек кабинеті ашылады. Ерекше балаларға бұрынғыдан да көбірек назар аударылады. Инклюзивті білім беру саласына одан әрі жаңғырады. Сондай-ақ ата-аналар мен асырап алушылардың жауапкершілігі күшейеді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Соңғы жылдары балалардың оқу ошақтарында тамақтан жиі ұшынып жатқаны жасырын емес. Осы жағдайдың салдарымен емес, себебімен күресу үшін 1-ші ақпаннан бастап мамандар мектептерге еш ескертпестен тексеріс жүргізетін болады. Сөз соңында баяндаманы тыңдаған Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен тұжырымдамадағы барлық іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Авторлары: Шерхан Абзалұлы, Асхат Қарақойшиев, Нұрбол Ильясов