Екінші АЭС Алматы облысында салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Онда «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген. Еске сала кетейік, биыл 8 тамызда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы басталды. Құрылыс Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында жүріп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АЭС #Алматы облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz