Екінші АЭС Алматы облысында салынады

Екінші АЭС Алматы облысында салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Онда «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген. Еске сала кетейік, биыл 8 тамызда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы басталды. Құрылыс Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында жүріп жатыр.