RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордалықтарға Конституциялық реформа түсіндірілді

17.02.2026, 21:10 216

Қызылордада «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының өкілдері тұрғындармен кездесті.

Жиын «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция аясында өтті. Кездесудің мақсаты – Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру,-дейді жиынға қатысушылар. Басқосуда Жаңа Конституцияда адамдардың мүддесі, құқықтары мен бостандығы бірінші орында тұрғаны сөз болды.  Партия мүшелері жаңа жоба саяси жүйені ашық етуге бағытталғанын айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау күшейетінін жеткізді.

Ақмарал Төлегенова, қалалық Мәслихат депутаты:

- Тұрғындармен кездесуде референдум негізі жаңа Конституцияның жобасы ретінде белгіленіп жатыр ғой. Соған орай Конституцияның қай жағы өзгертілді, референдумға не үшін ұсынылып жатыр - барлығы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл референдум жай ғана дауыс беру емес, мұнда Қазақстан Республикасының әрбір азаматының дауысы маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz