Қызылордалықтарға Конституциялық реформа түсіндірілді
Қызылордада «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының өкілдері тұрғындармен кездесті.
Жиын «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция аясында өтті. Кездесудің мақсаты – Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру,-дейді жиынға қатысушылар. Басқосуда Жаңа Конституцияда адамдардың мүддесі, құқықтары мен бостандығы бірінші орында тұрғаны сөз болды. Партия мүшелері жаңа жоба саяси жүйені ашық етуге бағытталғанын айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау күшейетінін жеткізді.
Ақмарал Төлегенова, қалалық Мәслихат депутаты:
- Тұрғындармен кездесуде референдум негізі жаңа Конституцияның жобасы ретінде белгіленіп жатыр ғой. Соған орай Конституцияның қай жағы өзгертілді, референдумға не үшін ұсынылып жатыр - барлығы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл референдум жай ғана дауыс беру емес, мұнда Қазақстан Республикасының әрбір азаматының дауысы маңызды.