Жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамытуға, яғни ғылым, білім және инновацияға басымдық берілген.
Сондай-ақ алғаш рет азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді. Ел тұрғындары: «Технология күн санап дамыған заманда, цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару дұрыс шешім», - дейді. Ата Заңның жаңа жобасында тағы қандай басымдықтар көптің көңілінен шықты? Сауалнамаға назар салсақ.
Сауалнама:
- Унитарлық туралы Преамбулада сөз айтылып жатыр ғой. Бұл не үшін айтылып жатыр? Бұл біздің қазіргі күнгі жағдайымызды бейнелейтін сөздер деп есептеймін. Өйткені Қазақстан унитарлы мемлекет деген сөз, ол- бір орталықтан басқарылатын мемлекет, бір заң жүйесі бар, баршаға ортақ азаматтығы бар ел деген сөз. Яғни бізге саяси тұрақтылықты, бірлікті сақтау керек.
- Жаңа Конституцияда мемлекеттік тілдің мәртебесі өте айқын көрінген. Оның біріншісі жалпы мәтіні де қазақ тілінде әзірленген. Ол дегеніміз Қазақстанның мемлекеттік тілінің дамуы, оның әріқарай өркендеуі, қарым-қатынас тілі ретінде қалыптасуы және ұрпаққа сол тілді сақтау ретінде көрсетілген.
- Цифрлық құқықтардың қорғалуы әр адамдардың жеке басындағы қауіпсіздікті,қолсұғылмаушылықтардың барлығын қауіпсіздігіне тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Бұл норма адамдардың мемлекетке деген сенімділігін арттырады.
Тегтер #цифрлық қауіпсіздік #Ата Заң #сауалнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz